Ticket.post.kz – бұл арзан әуе және темір жол билеттерін онлайн сатып алуға болатын Post.kz порталының жаңа сервисі.Жылдам және ыңғайлы сервис кез-келген бағытта қажетті әуе және теміржол билеттерін лезде табуға және ең арзан билеттерді брондауға мүмкіндік береді. Сіз тәуліктің кез-келген уақытында өз кеңсеңізден немесе үйден шықпай-ақ самолет немесе пойызға билет сатып ала аласыз және банктік картаның көмегімен төлем жасай аласыз.
Ақылды жүйе сіз қалауыңыздағы әуе және темір жол билеттерін алуыңыз үшін сізге сапардың ең тиімді нұсқаларын "ұсынады".
Бар болғаны бірнеше шерту – және электрондық билет сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі.
Сервистің артықшылығы – бұл теміржол және әуебилеттерді сату бойынша барлық қазақстандық онлайн-сервистердің ішіндегі ең қолайлы билет құны. Біз әуекомпаниялармен келіссөздер жүргізудеміз, билет бағасын қалыптастыратын барлық нарық қатысушыларымен жұмыс істейміз –біздің ресурсымызда билет құнын барынша төмендету үшін барлығын жасаймыз. Біздің негізгі серіктестеріміз — Аmadeus, Sabre и Galileo.
Авиациялық индустрия — лицензиялау бар сала. Ticket.post.kz сервисі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істейді. Сервиске сенімділік пен сенімді растау үшін Заңнаманың талаптарына сәйкес келуі біз үшін маңызды.
Біздің серіктестерде барлық қажетті сертификаттар, лицензиялар, тіркеулер бар. Біздің төлем жүйесі PCI DSS халықаралық қауіпсіздік сертификатымен сертификатталған. PCI DSS сертификатының болуы – Ticket.post.kz – те әуебилетті брондау барысында өңделетін банктік карталар деректерінің толық қорғалуының кепілі.
Сайтта бірнеше сағат ішіндегі кейіңгі төлем арқылы әуебилеттерді алдын-ала брондауға болады. Сондай-ақ, сіз белгілі шарттарды сақтай отырып сатып алынған электронды билетті қайтара аласыз.
Саяхатыңыз сәтті болсын!