Теміржол билетін сатып алу үшін:
- Жол жүру және тағайындалу бекеттерін енгізіңіз.
- Сапар күнін таңдаңыз.
- «Іздеуді» басыңыз.
- Жүйе ұсынған нұсқалардан өзіңізге керек пойызды таңдаңыз. Сосын вагонның түрін және орындар аралығын көрсетіңіз*.
- Билет құнын 10 минут ішінде төлеңіз.
*Назар аударыңыз: Қазақстан Темiр Жолы ережелеріне сәйкес, жолаушыда нақты орындарды таңдап алу мүмкіндігі болмайды. Орындар көрсетілген аралықтан бір-біріне ең жақын орналасқан орындардан автоматты түрде таңдалады. 1-2 билет сатып алған кезде, бір төменгі орынды, ал 3-4 билет алған кезде, екі төменгі орынды рәсімдеуге рұқсат етіледі.