Билетті қайтару үшін сұранысты қалай рәсімдеу қажет:
- Келесі көрсетілген бөлімдерге кіру керек: «Менің билетім» — «Әуе билеттері» — «Бронь №» — «Тапсырыстың өңдеуі» — «Билетті қайтару»;
- Арыз өрісін толтыру;
- Қажетті құжаттарды енгізу;
- «Сұранысты жіберу» пернесін басу;
- Оператордың жауабын алған соң – қайтару шарттарымен келісетіндігіңізді нақтылау қажет. Егер қайтарылым сервистік алымды алдын ала төлегеннен кейін ғана мүмкін болған жағдайда, дәл осы бетте төлем сомасы, онлайн төлеуге арналған қалып және төлемнің шекаралық мерзімі көрсетіледі. Егер төлем мерзімі өтіп кеткен болса «Қайта есептеу» пернесін басып, жаңа есептеуді күтесіз.
Сұратымды өңдеу уақыты — 72 сағат.
Билет қайтару үшін сізге қосымша құжаттар керек болу мүмкін:
- рейсті алып тастаған немесе 3 сағаттан артық уақытқа кешіктірген жағдайда билетті қайтару туралы арызбен бірге әуе компаниясының өкілі тарапынан берілетін рейстің алынып тасталғандығын немесе кешіктірілгендігін растайтын құжатқоса жіберерілуі тиіс;
- жолаушыға виза беруден бас тартылған жағдайда билетті қайтару туралы арызбен бірге елшіліктің ресми баспабетіне жазылған виза туралы өтініштің кері қайтарылғандығын растайтын құжат, паспорттың бірінші бетінің көшірмесі, паспорттың виза туралы өтініштің кері қайтарылғандығы туралы мөртаңба басылған соңғы бетінің көшірмесі қоса жолданады. Билет құнының толық қайтарылуы туралы сұранысмаршруттың бірінші сегменті бойынша ұшуға 24 сағат қалғанға дейінгі уақыт ішінде жіберілуі тиіс;
- жолаушының өзінің немесе онымен бірге ұшуға тиіс болған туысының науқастанған немесе қаза болған жағдайында арызбен бірге науқастанғандығы немесе қазасы туралы растаушы құжаттар және науқастанған немесе қаза болған адаммен жолаушының туыстығын растаушы құжаттар қоса жіберіледі;
- жолаушы рейске кешіккен немесе келмеген жағдайда (егер рейс жөнелтілгенге дейін әуе компаниясы немесе Агенттіктің агенті тарапынан жолаушының өз өтініші бойынша орын алынып тасталған болмаса) кешігу немесе келмей қалу фактісін міндетті түрде билет құнын қайтару себебінде көрсету керек.
Авиакомпаниямен келісімделетін қайтарымды өңдеу көбірек уақыт алатындығына назар аударыңыз. Бұл жағдайда сұранымды қарастыру және қаражаттарды қайтару 1 айдан 3 айға дейін уақыт алуы мүмкін.
Билет тек Сіз қайтару шарттарына келісіп, сервистік алымды төлегеннен кейін ғана (егер бұл қайтару барысында қарастырылған болса) жойылатындығына баса назар аударыңыз. Бұл сәтке дейін билеттер өзгеріссіз қалады? Орындар алынбайды!
Ерекше жағдайлар:
- егер қайтару сервистік алымдарды төлемей-ақ мүмкін болса және тариф ережелері билеттің толық құнын қайтаруға рұқсат етсе (төлем жүйелерінің үстеме бағаларынан басқа) — клиенттің растауы сұралмайды. Қайтарым туралы сұраным қарастыруға қабылданады.
- егер қайтару себебі — рейстің алынып тасталуы / 3 сағаттан артық кешіктірілуі; визаның берілмеуі; жолаушының өзінің немесе жақын туысының сырқаттануы/ өлімі болса — және қайтару туралы өтініш дұрыс толтырылып, барлық қажетті растаушы құжаттар қоса тіркелсе — билет қарастырылған бойда жойылады. Орындар алынып тасталады.
Қайтарылым сомасы жолаушының қайтарылым туралы сұраныс берген күніндегі бағам бойынша есептеледі.Жолаушының ұшудан бас тартуына мәжбүр болуының себептерін растайтын құжаттар:- медицина мекемесінен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
- әуежай медпунктінен алынған анықтаманың түпнұсқасы;
- сырқаттық қағаздың көшірмесі.
Медициналық құжаттарға қойылатын талаптар
- медициналық құжатта осы құжатты берген мекеменің атауының анық және нақты көрсетілуі;
- медициналық құжатты берген мекеменің мөрі басылғандығы;
- құжатты берген тұлғаның аты-жөні мен лауазымының анық және нақты көрсетілуі;
- құжатты берген адамның қолы қойылуы;
- мекеменің бас дәрігері немесе бөлім бастығының қолы қойылуы;
- медициналық құжаттың берілген уақтының көрсетілуі;
- медициналық құжатта көрсетілген науқастану уақтының ұшу уақтына сай келуі. Егер көрсетілген уақыттар бір бірімен сай келмеген жағдайда ұйғарымда «көрсетілген күндері ұшпауға кеңес беріледі» деп көрсетілуі қажет.
Әуежай медпунктінен алынған анықтаманың түпнұсқасына қойылатын талаптар:
- медициналық құжатта құжатты берген медпункттің атауының көрсетілуі;
- медпункт мөрінің қойылғандығы;
- құжатты берген тұлғаның аты-жөні мен лауазымының анық та нақты көрсетілуі;
- құжатты берген тұлғаның қолының қойылуы;
- медициналық құжаттың берілген уақтының көрсетілуі;
- медицианлық құжатта көрсетілген науқастану күнінің ұшу уақытымен сәйкес келуі.
Жолаушының ұшудан бас тартуға мәжбүр болғандығын растауға қажетті сырқат парағының көшірмесіне әуежайдағы әуе компаниясының өкілінің қолы қойылып, мөрі басылуы немесе нотариальды расталуы тиіс.
Назар аударыңыз! Көрсетілген құжаттардың көшірмесін арызға қосымша түрінде тіркеңіздер. Әуе компаниясы арыздарды тиісті растаушы құжаттарсыз қарастырмайды.
Жолаушы Қазақстан Республикасының аумағында АГЕНТТІККЕ жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс аумақта берілген медициналық құжатқа нотариалды куәландырылған орыс немесе қазақ тілдерінедегі аудармасы қоса берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан жолаушы АГЕНТТІККЕ жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс аумақта берілген медициналық құжатқа аталған елдің заңнамасына сәйкес нотариалды куәландырылған орыс немесе қазақ тілдерінедегі аудармасы қоса берілуі тиіс.
Билетті қайта тапсыру мақсатында жолаушы тарапынан дәйексіз немесе жалған құжаттар ұсынылғандығы жөнінде, кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту ықтималдылығы туралы мәселені қарастыру үшін, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлануы мүмкін.